Психиатр дәрігермен сұхбат
Сонымен суицидтің алдын-алу жолдары мен пайда болу себептері қандай?
Суицид деген не? Егер біз суицид дегенге дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен қарайтын болсақ, «суицид» не «өзін-өзі өлтіру» деген синонимдер бұл қасақана өзін өмірден айыру деген сөз. Яғни, адам өз еркімен (саналы түрде) өмірден бас тартады және сол үшін қандай да бір әрекетке барады.
Бүгінде суицид - өте кең тараған құбылыс. Қазір өзін-өзі өлтіру бұрынғыға қарағанда көп және бұл мүлдем басқа әлем дейтін аңыз-әңгімелер жетерлік. Дегенмен, айтарым, суицид ол өте жиі болатын сонымен қатар сирек құбылыс. Егер біз дүниежүзі бойынша қарайтын болсақ шамамен 1/3( үштен бір бөлігі) бөлігі статистика жүргізбейді.
Яғни, біз жер шарының 3/1 бөлігінде жалпы не болып жатқанын білмейміз. Тек жер шарының 2/3 бөлігінде статистика жүргізіледі. Шамамен, суицидтен жылына 800 мың адам қайтыс болады. Бұл аз ба, көп пе деген сұраққа былай жауап берсем, мәселен суицидтен қайтыс болатын адамдар саны соғыстан немесе зорлық-зомбылықтан қайтыс болатын адамдар арасынан бұл сандар екі есеге немесе бір жарым есе аз. Яғни, біреу өлтіргеннен гөрі өз-өзіне қол сұғып қайтыс болатындар саны артқан. Суицид – өте маңызды құбылыс. Жалпы өлім-жітім көрсеткішін алсақ, суицид 8-10 орынға жайғасады. Өйткені, адамдардың басым бөлігі ол жүрек қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктен өмірімен қош айтысады. Ол тек біз білетін жағдай.
Суицидті – әсіресе, жастар арасында болатын өміріне қасақана қол сұғу мен жиі жазатайым оқиғамен байланыстырады. Жас өспірімдерге жататын категория екінші орында тұр. Себебі, жастар арасында жүрек қан тамырлары мен қатерлі ісік аурулары аса қатты дамымаған. Ал, егер біз халықтың жас мөлшеріне қарамай, барлық жастағы адамдар арасында десек, онда ол өте күрделі құбылыс (явление).
Неге десеңіз? Оған медициналық тұрғыдан ғана қарамауымыз керек. Философиялық, экономика, саяси, психология, психиатрия және сот-медициналық тұрғыдан қарауымыз шарт. Суицидті анықтау өте қарапайым. Бірақ, өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін түсіну қиын. Дегенмен, әлі күнге дейін бір жақты қарым-қатынас жоқ.
Егер өзіне-өзі қол сұғу неден пайда болады, суицидтің себептері және тұқым қуалай ма, қандай мінез-құлық суицидке әкеледі деген сұрақтарға жауаптар осы күнге дейін барлық себептері толық зерттелмеген. Дегенмен, осы күнге дейін көптеген зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып айтатын болсам, онда суицид - психологиялық ауытқушылықтан пайда болады.
Бірақ, олай айту қиын. Бір сәттілік реніштен де адам өз-өзіне қол сұғады. Ондай жағдайлар аса ауыр саналады, оған қоса тағы екі бірдей себеп болу мүмкін. Бірі – әлеуметтік, екіншісі - психологиялық. Тұқым қуалайтын биологиялық себептер әсер етеді. Аффекті жағдайында немесе депрессивті, психологиялық ауытқушылық жағдайында оған биологиялық себептер, әлеуметтік жағдайда қарым-қатынасқа әсер етеді.
Әлеуметтік психология адам тұратын микро және макро ортаның әсері және оның тұлғасының жеке ерекшеліктерін ескере отырамыз. Микро –әлеуметтік дегеніміз ол - біздің отбасымыз. жұмыстағы әріптестер және ауладағы достар жатады. Макро-әлеуметтік дегеніміз ол көшеде кездестіретін адамдар немесе желіде танысатын адамдар, қоғамда болып жатқан саяси оқиғалар ол да бізге әсере етеді.
Бастысы ол біздің ішкі дүниеміздегі психологиялық ерекшелік.
Мәселен, адамның осал тұстары интроверт және экстраверттік жағдайы. Интроверт: жалғыздықты сүйетін; өз-өзімен сөйлескенді ұнататын; ішкі әлемінде өмір сүретін жан.
Оны жалғыз өзін қамақ қойсаң ол қатты азап шекпейді. Ал, экстраверт: адамдармен тез араласуға бейім тұратын; публика алдында сөз сөйлегеннен қысылмайтын; кез келген әрекетін сыртқы ортамен бөлісетін адам.
Бір сөзбен айтқанда әрбір адамның өзінің осал тұсы болады. Интроверта адамның осал тұсы оны бұрышқа қойып немесе тақтаның алдына шығарып қойып жауап беруге күш көрсетсе.
Әрқашан бір нәрсені талап етіп, үлкен аудиторияға өз еркінсіз шығарып қойса, бұл ол адам үшін оның осал тұсы болып саналады.
Санасын жарақаттайды. Интроверт, экстравертті мен тек мысал ретінде келтірдім. Менің айтайын дегенім, қандай да бір әерекет адамға қалай әсер ететінін көрсеткім келді. Психологиялық жағынан. Жоғарыда айтылған үш бірдей себептер суицидтік әрекет жасауға әсер етеді. Ол өмір сүргісі келмейді, одан кейін жоспар құрады, ол дегініміз өте қауіпті, осылайша, суицид өмірмен қош айтысумен аяқталады. Суицидке талпыныс бірнеше рет қайталауы мүмкін.
Соңы қайғылы жағдаймен аяқталады. Сондықтан да кез-келген суицидтік талпынысқа бей-жай қарамау керек. Тіпті ол талпыныс наразылық тұрғыда болса да үш себебі бар. Ол биологиялық: ауыр сырқат немесе психологиялық ауру, жүре пайда болған ауру немесе тұқым қуалайтын.
Бұл әлеуемттік оның ішінде макро, микро жағдайында бұған әрине, ғаламтор, теледидар қатты әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар біздің психологиялық ерекшеліктер. Осы үш бірдей себеп бір жерге жиналғанда суицид орын алады. Тағы бір себепті айту кету керек. Егер біз суицидтік талпыныс жағдайын алатын болсақ, онда биологиялық компоненттің әсері болмауы да мүмкін. Ал әлеуметтік, психологиялық себептер бірінші орында тұр.
- Қ: Егер адам өзіне-өзі қол жұмсаса, ол адам физиологиялық аурумен ауырған болады ма ?
- Ұл: Иә, солай деуге де болады. Өйткені, 80-90 пайыз солай екенін дәлелденген, зерттелген. Адам психологиялық ауытқушылыққа ұшыраған.
- Қ: С.B Скляр мырза айтыңызшы, суицид туралы шындық қандай? Аңызы қайсы?
- Ұл: Аңыз-әңгімелер өте көп. Суицид үлкендерге қарағанда жастар арасында басым деп жатамыз. Шындығында ол олай емес. Адамның жасы ұлғайған сайын өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті басым бола бастайды.Яғни, шыңы екі кезеңге бөлінеді.
Егер біз 100 жас деп алсақ, орта жас ол 25-тан басталып 45-ке дейін, кәрі жас. Жас өспірімдер арасындағы суицид те жиі деп айту қиын бірақ, өлім-жітім көрсеткіші жағынан екінші орынға жайғасқан. Дегенмен, БАҚ өкілдерінен естиміз жас өспірімдер көбінесе суицид жасайды деп хабарлап жатады. Суицид туралы тікелей айтпаңыздар деп жатады.
Суицидті қоғам қабылдамайды. Одан сырт айналуға тырысады. Тіпті, бұл құбылысты көргісі келмейді. Неге деп ойлайсыз? Қорқыныш. Ең бірінші қорқыныш иә.
Осы қорқыныш адамды суицидтен сақтады. Алайда, суицидке деген талпыныс барысында қорқыныш автоматты түрде психикалық ауытқушылықтың арқасында немесе адам қандай да бір қорқынышты сейілтетін ішімдік, есірткі сияқты затты пайдаланады. Сол жағдайда адам өзіне-өзі қол жұмсай алады екен.
Сондықтан да адамның көзінше суицид туралы айтпау керек деген ол аңыз. Өзіне-өзі қасақана қол жұмсайтын адамның дені сау да, ауру да болуы мүмкін. Ауру жағы оған суицидтен басқа таңдауы жоқ екенін білдірсе, ал ақыл онымен күреседі. Ондай адамға тағы да ойлан, тағы да бір рет саралап көр.
Деген сияқты сөздер оны жұбатпайды. Керісінше, ондай сөздер итермелейді. Ондай адам ішкі ойымен бөліскісі келеді, оның әңгімелескісі келеді. Есте сақтаңыз, ішкі жан күйзеліс,сыртқы аурудан да ауыр. Дене сырқатын дәрі ішу арқылы емдеуге болады.
Қандайда бір дәрінің арқасында ауру жазылады. Ал, ішкі жан күйзелісі өкінішке орай, антидепрессанттар тек екі-үш апта өткен соң ғана әсер етеді. Ол кезге дейін ауру қозады. Суицид жасағысы келетін адаммен көп сөйлесу керек. Біз суицид туралы айтпаймыз. Қорқамыз. Ол туралы айтпағандықтан артады. Ондай адамдар құпиясын ешкіммен бөліспейді.
Өйткені оны ешкім түсінбейді деп есептейді. Егер суицидке әрекет ететін адаммен сөйлессеңіз, әрине, маман айналысуы керек. Одан кейін психолог жұмыс жасауы тиіс. Психолог емдеу керек. Психиатрия саласының пайда болғанынан небәрі 100 жыл. Бұл өте аз уақыт. Ғылыми тұрғыдан қарағанда өте аз.
- Ұл: Мәселен, сіз психологқа барып көріп пе едіңіз?
- Қыз: Иә, бірақ сонда да бойымда ұялшақтық басым болды. Бардым дегеннің өзі мен үшін ұят.
- Ұл: Психологқа профилактика үшін барған дұрыс.
- Қ: Жақсы, жалпы Қазақстанда жағдай қалай?
- Ұ: Әлемнің 3 тен бір бөлігінде мүлдем статистика жүргізілмейді. Қазақстан суицид көрсеткіші жағынан оныншы орында. Егер біз әр түрлі жастағы адамдарды алатын болсақ, онда орта жастағылар жағынан алғашқы үштіктен орын аламыз.
Бұл дегеніміз кәдімгідей күрделі мәселе. Егер біз статистикаға жүгінетін болсақ, онда суицид көрсеткіші 2005 жылдан 2007 жылға дейін азайғаны байқалады. Бұл тенденция сақталуда. Елімізде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жасалған профилактикалық бағдарламалар бүгінде жоқтың қасы.
Қ: Бұл бағдарламаға не жатады? Қысқаша айта отырсаңыз.
Ұ: Бағдарлама Қызылорда қаласында жүзеге асты. Оған үш нәрсе кіреді. Бірінші, ата-анасымен жұмыс жасау, неге десеңіз ата-ананың өзінің білімін жетілдіру керек. Және түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Суицидтің пайда болуы және оның тәуекелділігі. Екінші, мұғалімдерді оқыту.
Үшінші, ол оқушының өзін оқыту жатады. Олар психологияны үйренеді. Суицидтің алдын алуын оқиды. Егер сенің досың күйзеліс үстінде жүрсе, суицидке деген ой болса, міндетті түрде ол кімге сенеді соған сырын айтады.
Әрине ол ата-анасы, не сынып жетекшісі болуы мүмкін. Сол арқылы жас өспірімге көмектесе аламыз. Қазір психиатриялық реформа бар. Психолгтар мен психиатрлар қол жетімді болуда. Психиатр мамандар бүгінде кәдімгі поликлиникада жұмыс жасайды. Бұл деген суицидтің алдын алуға үлкен қадам.
- Қ: Біз қуаныштымыз. Суицид жасайтын адамдардың санының азаюына тілекшіміз. Сұхбатыңызға рахмет.
Білікті дәрігер іздедің бе?
Біз сізге тегін таңдауға көмектесеміз.
DocOK білікті дәрігерлерді іздеңіз.