Жүктілік кезіндегі мәселелер

Сәлеметсізбе, құрметті оқырмандар! Бүгін біз бейнебаянымызды келесі сұрақтарға арнаймыз: жүктілік, жүктілік кезіндегі ең қауыпты кезендер мен белгилер, жүктілік кезіңдегі іш ауруы және жүктілік кезінде бел (арқа) ауруының себептері, жүкті әйел өз - өзіне қалай күтім жасау керек.

Жүктілік кезіндегі қауіпті кезеңдер қашан болып саналады?

Иә дұрыс айтасыз қазіргі кезде бұл асқыну жиі кездесетін болды, әсіресе жүктіліктің бірінші триместірінде жиі кездесуі 70-80 % дейін жетеді. Бұл асқынудың себептері өте көп. Себептері екі улкен топқа бөлүге болады:

1. Әлеуметтік себептері.

2. Медициналық себептері.

Әлеуметтік себептерге жатады, ол әйелдің жасы, егер жасы өте жас болса 18 жасқа дейін немесе жасы үлкен болса 35 тен жоғары болса, осындай асқынуға әкелуі мүмкін.

Келесі, мысалы, жұмысы әр түрлі зиянды әдеттерге байланысты болса, немесе әйелдің өзінің зиянды әдеттері болса темекі шегу және т.б., әлеуметтік жағдайлары нашар, осының бәрі жүктілік үзіліуіне әкелуі мүмкін.

Келесі себептер ол медициналық болып табылады, ол өте үлкен топ – оған әр түрлі аурулар жатады.

Мысалы жыныс мүшелері жағынан қабыну аурулар, иммунология аурулар, жыныс мүшелер жағынан әр түрлі ақаулар. Мысалы жатыр мойынның жетіспеушілігі және әр түрлі экстрагениталды патологиялар мысалы жүрек қан тамыр жүйесі жағынан аурулар, қан диабеті, қан кысымының жоғары болуы, және жүктілік кезіндегі асқынулар. Осының бәрі жүктіліктің ерте мерзімінен үзілуіне әкеледі.

Жүктілік кезіндегі іштің ауруы неліктен болады?

Ең жиі себебі ол өзіндік түсіктің басталуы болады. Өзіндік түсікте жоғары айтылған себептерге байланысты – жүктіліктің өз бетімен үзілуі. Осының ең бірінші симптомы – іштің төменгі жағы ауруы. Басыңда тартып ауруы мүмкін, ол тағақтарызды (схваткообразные боли) деп айтамыз. Егер жүкті әйелде іштің төменгі бөлігінде ауру сезімі басталса онда ең бірінші өзіндік түсік туралы ойлану керек, содан өзіңнін дәрігеріне хабарласу керек, дәрігер тексеріп айтады ол өзіндік түсіктін белгілері ма немесе басқа. Тағы ішек аурулары, немесе аппендицит белгілері іштін төменгі бөлігінің ауруына әкелуі мумкін.

Жүктілік кезінде бел (арқа) ауруы неліктен болады?

Бел (арқа) ауруы ол да өзіндік түсік бірінші белгісі болып саналады. Екіншіден бүйрек ауруларыда кездеседі, жұлын жағынан патология немесе омыртқалар жағынан, дифференциалдық диагностика жасап, себебін анықтау керек. Неврологиялық патология болса невролог дәрігерге бару керек, бүйрек жағынан болса нефролог немесе уролог дәрігерге бару керек.

Еспаева Раушан Нурхадировна

Еспаева Р.Н.

Жүкті әйел өз-өзіне қалай күтім жасауы керек?

Жүкті әйел жүктілік кезінде өмір сүрүің өзгерту керек. Біріншіден режим, физикалық жүктемелерді шектеу керек, жеткілікті уақыт уықтау керек, стресстер болмау керек, дұрыс тамақтанып, ішуі сапалы болу керек. Және ерте әйелдер консультациясына есепке туру керек, ол жүктіліктің 11-12 аптаға дейін, дәрігерлердің кеңестерін дұрыс орындау қажет.

Жүкті әйелдер дұрыс киіну керек, арналған киім киіп бос болу керек. Биік өкше аяқ киім киуге болмайды. Кез келген дәрілер қолдануға болмайды міндетті түрде өз дәрігеріменен келісіп, қандай дәрі ішу керек кеңес алып туру керек. Қазір көп дәрілер тератогенді әсерімен эмбрионда, нәрестеде әр түрлі ақаулар шақыру мүмкін. Өзіндік түсік болмау үшін әр жүктілікті жоспарлау керек. Жүктілікке дейін әйел жолдасымен бірге дайындалу керек. Денсаулығын тексеріп, егер патология анықталса – жүрек, бүйрек жағынан оны емдеп содан кейін жүктілік туралы ойлау керек. Тағы витаминдер қабылдау керек әсіресе фолий қышқылың жүктілікке дейін және 12 аптаға дейін дәрігер кеңесімен қабылдауға болады – ол эмбрионда, нәрестеде жүйке жағынан аномалияларды болдырмайды. Тек қана әйел емес оның күйеуі де фолий қышқылын қабылдаса болады.

Егер әр жүктілік жоспарланған болса онда жүктілік кезінде асқынулар аз болады.

Жүктілік кезіндегі жоспарлы тексерулер (УЗИ скрининг)

Жоспар бойынша, жүктілік физиологиялық түрде өтсе ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ скрининг) үш рет жасау керек:

1 рет – 10-14 апта, 2 рет – 18-20 апта, 3 рет – 32-34 аптада жасалады.

Негізгі мақсаты ақаулар бар ма жоқ па соны анықтау.

Қорытынды кеңестер болашақ аналарға

Біріншіден әр жүктілік жоспарланған болу керек, жүктілікке дайындалу керек, әйелдің өзі, күйеүі, сол кезде асқынулар аз болады. Екіншіден уақытысымен есепке тұру керек. Әйелдер консультациясына барып қаралып дәрігерлердің кеңестерін уақытысымен дұрыс орындау керек, сол кезде жүктілік қалыпты физиология түрде өтеді босануыда дұрыс өтеді. DocOk арқылы жазылып біздің медицина орталығымызға келсеңіз болады. Жұмыс уақытымз өте ыңғайлы, жұмыстан кейін келсеніз болады, сенбі күндері де жұмыс істейміз.

Запись на прием к врачу - DocOK Поиск лучших врачей

Акушеры Алматы

Врач Гинеколог — Алматы

Частые задаваемые вопросы

Ең қауіпті кезең — бірінші триместр (0–12 апта). Осы уақытта жүктіліктің 70–80% ерте үзілу қаупі кездеседі. Себептері әлеуметтік факторлар (жас, стресс, зиянды әдеттер) және медициналық факторлар (қабыну, гормоналды бұзылыстар, жатыр ақаулары, созылмалы аурулар).

Ең жиі себеп — өзіндік түсіктің басталуы. Ауырсыну тартатын немесе толғақ тәрізді болуы мүмкін. Сонымен қатар ішек аурулары, инфекциялар, аппендицит те себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дереу дәрігерге қаралу керек.

Белдің ауыруы өзіндік түсіктің бастапқы белгісі болуы мүмкін. Сонымен қатар бүйрек аурулары, омыртқа және жүйке жүйесі патологиялары да ауырсыну тудыруы мүмкін. Диагнозды нақтылау үшін дәрігерге қаралу қажет.

Физикалық жүктемені шектеу, жеткілікті ұйқы, дұрыс тамақтану, стресс деңгейін азайту қажет. Биік өкшеден бас тарту, дәрілерді тек дәрігердің рұқсатымен қабылдау маңызды. 11–12 аптаға дейін әйелдер консультациясына барып, есепке тұру ұсынылады.

УЗИ скрининг үш рет жасалады: 10–14 аптада, 18–20 аптада және 32–34 аптада. Негізгі мақсаты — нәрестеде ақаулар бар-жоғын анықтау.

Іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, қан кету, белдің қатты ауыруы, температураның көтерілуі, зәр шығарудың өзгеруі, жүктілік белгілерінің кенет азаюы — дереу медициналық көмекке жүгінуді талап етеді.