Карантин кезінде адамның психологиялық жағдайы (коронавирус жайында)


Біз бүгін өзін-өзі оқшаулау және соңғы болып жатқан экономикалық ахуалдың кесірінен күйзеліске түсу мәселесі жайында  сөз қозғайтын боламыз. Бұл бірінші сұхбатымыз емес, бұған дейін де сұхбаттасқанбыз. Және осындай кездесулер жиі болады деп ойлаймын. Сіздердің қойған сұрақтарыңыздың барлығына жауап беріп отырамыз. Соңына инстаграмм сілтемесін жазамын. Жазылыңыздар. Жаңа эфирімізді қадағалап жүріңіздер.

Қазіргі жағдайда айналамызда болып жатқан жағдайлар бізге әсер етпей қоймады. Ешкімді бей-жай қалдырмады. Дегенмен бұл күйзеліске әкеп соғуы да мүмкін. Қазір бәрі үйде, жұмыссыз, өз бойындағы энергияны қайда жұмсарын білмейді адамдар. Карантин кезінде адамда қандай проблемалар болуы мүмкін?

Ольга Лалетина: Қайырлы күн, құрметті тыңдармандар. Алдымен қатерлі топ туралы айта кетейін. Психолог мамандардың пікірінше, қатерлі топ ол психикасы тұрақсыз және әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдар жатады. Жұмыссыз қалған адамдарда былай айтқанда артында ешқандай қоры жинамаған бір сөзбен айтқанда жалақысы шай пүйінен аспайтын. Олар өте үлкен күйзеліске түседі. Үйде отырып, далаға шыға алмайды, 90 жылдарымен салыстырсақ, көптеген мекемелер жабылды, әр адам өз күнін өзі көруі керек. Жеке кәсіпкерпен айналысып кетті. Қазір жағдайда жүріп-тұру шектелді, үйде отыруға мәжбүр. Біз сіздерге Юлия екеуміз сіздердің өмірлеріңізді жеңілдетуге тырысқымыз келеді. Әрине, бұл жағдай еліміз үшін ауыр.

Юлия: Мұнда керісінше реакция болуы мүмкін біз уақытты тиімді пайдаланудың орнына бір дүниелерге жабысып қаламыз. Күйзеліс кезінде энергия қайда жұмсалуы керек? Дәлірек айтсаңыз.

Ольга: Үйде болған соң әрине жақындарыңмен келіспеушілік пайда болады. Уақыт көп ондай кезде ұрсыс-керісте орын алуы мүмкін. Эмоциямызды шығарамыз. Ол біздің қорқынышымыз, қобалжуымыз және түсініспеушілігіміз. Әрине, карантин аяқталған соң қалай өмір сүреміз, экономикалық ахуал қалай болады деген сұрақтар тұрады. Содан адамдар тез ашуға беріліп, ұрыс-керіс жиі орын алады. Оңтүстік Кореяда карантин кезінде көптеген отбасы ажырасып кеткен. Ерлі-зайыптылар бір-бірін түсінбей ажырасқан. Ал Еуропада менің құрбым Прагада тұрады ол жақта тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі орын ала бастаған. Бұл дегеніміз біз оны қалай еңсереміз, бізде карантин енді ғана басталды. Психолог мамандардың пікірінше, алғашқы бір,екі апта карантинді адам оңай өткізеді. Ал көп отырған сайын соншалықты шыдамдылығымыз азайып, ашу-ыза пайда болады. Ертеңгі күнге деген сенімі азаяды.

Юлия: Не істеу керек? Карантинді қалай өткізу керек?

Ольга: Не істейміз? Ертеңіміз қалай болады? Қалай өмір сүреміз, қандай ақшаға ары қарай өмір сүреміз? Сол сияқты түрлі сұрақтар тұрады көкейде. Осы сынды сұрақтар бізді ашуландырады. Ойды басқа нәрсеге бұру керексің. Мәселен, сен айналаңа әсер етесің. Барлық адам өз айналасына әсерін тигізеді. Қандай жағдай болмасын. Отбасындағы адамдардың мінез-құлқы, өзіне-өзі сенімсіздік. Дегенмен, өзімізге байланысты, егер біз ашушаң болып жан жағыңызға маза бермесеңіз сондай жағдай орын алады. Оған жол бермес үшін сенде күн тәртібің болуы керек. Диванда жатып теледидардан түрлі бағдарламалар көрсеңіз бұл да сізге әсер етеді. Мәселен, 90 жастағы апа аппаратын жас науқасқа бергені бір жағынан кәрі кісіні де аяймыз деген сияқты. Сондықтан адамда мақсат болуы шарт. Айталық бүгін бәріміз жиналып үйге тазалық жұмыстарын жасайық деп келісуі керек. Бірақ оған бәрі келісе бермеуі мүмкін. Ондай келсіпеушілік болып жатса, мотивация үшін тәтті кәмпит, ол адамға керекті зат беруге болады. Бір шешім бар ол сол барлығына бірдей тапсырма, бірдей мақсат қою. Ол ойын болу мүмкін. Бір дастархан басына жиналып, өздерін ыңғайлы сезінулері керек.

Бұл жерде үйде жаттығу жұмыстарын жасау керек. Үйде әрине көп қозғалмаймыз, егер қан айналымы жақсы болса біздің психикамыз жақсы әсер етіп, көңіл-күйімізде көтеріледі. Ол үшін шығыс гимнастикасын қарастырсақ болады. Қытай жаттығуы ол физикалық жағынан жақсы көмектеседі. ТайЦзы, Цигун, Иога. Бұлардың бәрі біздің бұлшық еттеріміздің жұмысын жақсартады. Көп отырып тұрып қалсаң тізеңнің ауырғанын сезесің. Ал егер жоғарыда айтылғандай жаттығулар жасасаң қан айналымың жақсарып көңіл-күйің көтеріледі. Психологиялық жағынан да көмегі зор.

Юлия: Қазір адамдардың көбі депрессияға ұшырап жатыр? Тамақ жеумен уақыттарын қткізіп жатқандар бар. Ешқандай мотивация жоқ. Энергия жоқ. Осындай жағдайда қалай болу керек?

Ольга: Егер адам депрессияға кіріп кетсе, оны алып шығу қиын. Өйткені, бұл адамның эмоциялық жағдайы. Оны қуаты біткен батарейкамен салыстыруға болады. Егер адам өзін сондай депрессияға дейін жеткізсе, оны психикасы нашарлаған. Егер бұл жағдай ары қарай жалғаса берсе, онда тек дәрігер көмегі керек. Ал депрессияның алдын алу. Өзіңе ұнайтын нәрсемен шұғылдану. Бір нәрсемен айналысу, ол үшін жоспар құрамыз. Үйде өзімізге пайдалы нәрсе жасаймыз. Ол өзімізге ұнау керек. Ол сізге ләззат сыйлауы тиіс.

 Юлия: осы жерде айта кетейін, менің Испанияда тұратын құрбым бір кеңес айтты. Америкалық фитнес каналы бар, ол өте танымал. Жаттығулары өте пайдалы, ол фитнес жәй жүру. Соны сіздерге ұсынғым келеді. Егер көңіл-күйіңіз болмаса сол жаттығумен айналыссаңыз болады. Энергиямен қуаттандырады. Әрі ыңғайлы. Үйде жасауға болады. Спортшы болудың қажеті жоқ. Жаттығулары қарапайым. Тиімді.

Ольга: Алдымен біз нені қалаймыз? Соны біліп алуымыз керек. Бәрі жақсы болады деп өзімізге мантра сияқты қайта-қайта айта беруіміз керек. Мен керемет адаммын, бақытты адаммын, бәрі жақсы болады. Біз әдеміміз, сұлумыз деген сөздерді айта беруі керек. Бұның бәрі миымызда жазылып қалады. Бұл адамға жаман нәрсе ойламауға көмектеседі. Және соған өзіңді бағыттауы тиіс. 

Юлия: Егер сен осы және қазір қобалжысаң онда болашағыңда қобалжумен өтеді. Егер сен осы және қазір өзіңді жақсы сезінсең, онда болашағыңа алаңдамауға болады.    

Ольга: иә, болашаққа сеніммен қадам басасың.

Юлия: Карантин кезінде адам көп тамақтанатыны белгілі. Осындай жағдайда тамаққа деген тәуелділік бола ма? Мәселен, сіз наркологсыз.

Ольга: Әрине, тәуелділік болады. Түрлі заттарға тәуелділік болады ол шылымға, тамаққа, тағы сол сияқты. Калориясы көп тамақ жей бергеннен гөрі сәбіз жеп жүрсеңіз пайдалырақ. Себебі, карантин біткенше толып кетуіміз мүмкін. Көкеністер көбірек сатып алып тұтынған дұрыс. Әрі пайдалы, әрі көп ақша жұмсамайсың. Жаттығу жұмыстарын жасау керек.

Юлия: Адам көмек сұрауы керек шығар иә. Себебі, адам өзі жалғыз шеше алмайды бұл проблеманы.

Ольга: Әрине, келісемін. Өз өзіміңді бақылай алмайтын дәрежеге жетсең, міндетті түрде мамандарға барып кеңес алған дұрыс. 

Юлия: Көпшілік қазір тұрақты кірісінен айырылып отыр. Кәсіптері тұралап қалуынан қорқады. Карантиннен бір адам демалып, кітап оқып, сергіп шықса, ал кейбірі ашулы болуы мүмкін. Өмірге ызалы. Осындай жағдайда қалай болу керек? Осындай жағдайда ойды қалай өзгертуге болады?

Ольга: Бұл жерде тек адамның өзіне байланысты. Егер адам бәрін жаман көрген сайын адамның бойындағы қуаты кете бастайды. Әрине ондай адам өмірге ызалы болады. Алдымен адам өзін тәрбиелеу керек. Көп оқу керек. Онлайн курстарға жазылса. Неше түрлі қала әкімдігі ұйымдастыратын тегін курстар бар. Жоспарлау қажет. Өз-өзіңді бағыттау керек. Барлық адамның басынан қиындықтар өтеді. Соған төтеп беруі тиіс. Бастысы төзімді болу. Егер адамның еш нәрсе істеуге құлқы болмаса онда қиын. Карантин кезінде оқып алуға болады.

Өзіңді өзің жетілдіруге, қосымша білім алуға, болашаққа жоспар құрсаң болады.

Юлия: Сіздің кеңестеріңізге рахмет. Яғни сіз қолыңнан не келеді, тоқыма тоқу ма ән айту ма соның бәрін жетілдірсеңіз болады деп тұрсыз ғой. Нанотехнологияларды үйреніп алға ұмтылуға кеңес беріп тұрсыз. Ең бастысы болашақтан үмітіңді үзбей, тұйықталып қалмасаң болды.

 

Ольга: Біздің осы карантин уақытын дұрыс жолға бағыттау арқылы өз-өзімізді жоғалтып алмауымыз керек. Болашаққа жоспар құру керек.

Юлия; Дәрігерлердің кеңесі керек болса онлайн түрде хабарлама қалдырыңыздар. Телефон шалыңыздар, хабарласыңыздар, өз пікірлеріңізді арнаға қалдырыңыздар, жазылыңыздар.

Ольга: Бір –бірімізге рахмет айтып, көмектесіп тұруға дайынмын.

Барлық жақсылықтарды тілеймін , сау болыңыздар.

 

 


О китайском препарате Лянь Хуа Цынь Вэнь

Подпиcаться